Мақтау қағазы... Ауылдық жерде тұратынбыз. Ауылда қазақтар аз болатын. Көбіміздің руымыз бірдей болғандықтан барлығымен туысымыздай етене жақын араласатын едік. Ауылдық жер болғаннан ба сыныбымызда көп емес 15 оқушыдай болды. Көп қазақ сыныптарында ру жағынан бірдей оқушылар көп. Менің сыныбым түгелдерлік Кіші жүз, Табын. Жалпы ауылда сол Табын руынан шыққандар көп шоғырланғандықтан болар)). Сонымен не керек 4 сыныпты аяқтап, бастауышпен қоштасар күнде жақындап қалған болатын. Бастауыш сыныпты барынша жақсы оқуға тырыстым. Сыныпта менімен үлгерімі бірдей Есен деген бала болатын. Бір күні мұғалімім келіп, менің атымды айтып үлгерімің жақсы болғандықтан директордан мақтау қағазын аласың деді. Оны естіген Есен "мен неге алмаймын" деп сұрайды ғой. Мұғалімім "қыздың жолы жіңішке" дегенге келтіріп маған жол беруін айтады. Солай Есен ренжіп қалады. Үзілісте менде қайтпаймынғой "Мен сеннен жақсы оқимын, мен алғаным дұрыс" деп. Олда қайтпайды әйтеуір не керек біраз дауласып артық сөздерде кетті. Айтпақшы Есеннің атасы мектебімізде мұғалім болған еді. Ата-әжесінің баласы ғой)). Бір жағынан үйіміз қарама-қарсы тұрған көрші болатынбыз. Оқу жылының соңы мен сол мақтау қағазын директордың қолынан алып мәзбін. Бірақ Есеннің реніші әлі басылмағаны түрінен көрініп тұр. Сол мақтау қағазын алуын алып кейінен "осы үшін неге ренжістік Есен ала бергенде болар еді" деген ойлар мазалады. Бұрын бірге мектепке барып, бірге ойнап-күліп қайтатын қасымдағы Есен жоқ. Содан үйде отырып алып бір параққа ұзын сонар қылып хат жаздым)) Ол хатта "Сенің алар асуың алда, бір қағазға болар ренжіспейік" дегенге келтіріп жазылған хат . Сол хатты үйіне барып, Есеннің қолына ұстатып кеткенмін🙃. Олда маған кері хат жазып еш реніші жоғын және жақсы тілегін жазған болатын. Солай татуласыпта кеттік. Қазір сол өзге тілде жазылған ең алғашқы мақтау қағазы сандықта жатқанын көріп, есіме бірааз жәйтты түсіріп күліп алдым. Енді ол кез 2008-2009 жылдар болған екен, оның үстіне ауылдық жер. Сол мақтау қағазы бір сыныптан бір ғана оқушыға берілетін болған кез. Қазіргі кез жақсы ғой үздік оқушығада, екпінді оқушығада бірдей мақтау қағазы беріледі. Assem Zhaqsylyqqyzy