Өткенге бір шолу Кейбір жазбаларымды оқып "Асем сонша өмірден түңілгенің не?" деп қоямын. Шынымен неге ондай жазбаларды жазған екенмін?! Білмеймін уақыт өте келе ой-өрісім өзгеріп келе жатқан секілді🙂. Қарап отырсам тек бір түрлі жазбалар жазыппын. Бір кездері бір адамға кәдімгідей жазбаларымды да арнаппын ғой😂. Ол адам тіпті менің жазбамды оқымағаны 100% сенімдімін. Неге осы біз қыздар тұспалдап немесе басқа адам үшін бірнәрсе жасаймыз? Басқаларыңды білмедім көбінесе мен сондай болыппын. Қазір кімге? не үшін? білмеймін әйтеуір бір естелік ретінде сурет болсын. жазба болсын қалдыратын болыппын. Бұрындары махаббатқа, сезімге арналған цитаталарды жазып,оқып, сақтайтынмын. Соңғы кездері бұндай жазбаларды қарамай, елемей өтіп кетемін. Қазіргі мендегі бір мақсат бар (оны айтпай-ақ қояйын орындалған кезде бір бөлісермін). Негізі өз-өзіммен біраз жұмыстану керекпін. Қазіргі кезде қолға алғаным өз самооценкамды көтеру, адамдардан көп нәрсені күтпеу, көп нәрсені көңілге жақын алып, ренжи бермеу. Әліде өзгертер нәрселер бар мінезді және адамдармен ашық қарым-қатынаста болу. Эксперимент ретінде тағы бірнәрселерді сынақтан өткізіп көру керек))))🤪

Теги других блогов: самооценка жазба өз-өзім