Іштегі ешкімге айтылмаған сыр. Әке асқар тау.. Әке - үш-ақ әріптен тұратын, баға жетпес сөз. Бұл сөзді айтпағалы 15 жыл болыпты. Әрбір жанға ата-ананың ойып тұрып орын алатыны айтпасақта мәлім. Осы жазбамда өз әкем туралы жазғым келеді. Әкем 1965 жылы, қарашаның 23-ші жұлдызында дүниеге келген. Әкем он бір ағайынды, екі қарындасы, екі ағасы, жеті інісі бар. Әкем жұрт қатарлы мектепте 9-шы сыныпқа дейін білім алып, одан әрі қарай білімін СПТУ-да нақты білмеймін тракторшы мамандығын жалғастырған. Оқуды бітірген соң 2 жыл әскерде болған (қателеспесем Украинада болу керек). Әскерден соң ауылына оралып, 1991 жылы анаммен бірге шаңырақ көтерген. Содан соң апам, ағам және мен дүниеге келдік🙃. Негізінде әкеммен өткізген әрбір сәт бақытты кездер болатын. Барлығы деуге келмес бірақ кейбір сөздері еміс-еміс есімде. Бақытты күндеріміз бір сәтте өзгере кетті... 2006 жылы, қарашаның бірі болатын. Сол күні алаңсыз ағам және мен екеуміз мектептен ойнап-күліп келе жатқанбыз, үйде апам телевизордан ән қосып билеп жатқанын алыстан көрінеді. Анам қалаға кеткен болатын азық-түлік алып келуге болу керек. Ағамнан қашып, құлаққа тұрпайы тиседе айтайын әжетханаға жүгіріп барып кіріп кеттімде, кішкене саңылаудан ағама қарап күліп қоямын. Ағам болса үйге қарай кіріп бара жатыр. Енді ғана кері бұрыла бергенде әкемнің құлап жатқанын көріп, бірден есіктен атып шығып үйге қарай жүгірдім. "Әлөш, Гүли" деп қолыммен нұсқап әжетхана жақты көрсетіп жатырмын. Ағам мен апам түсінбеседе сол жаққа қарай барды. Әкемді көрдіде жылаған дауыстары шығып жатты. Апам болса, көршілерді көмекке шақырып жатты. Сол кезде көрші ағалар әкемді көрпешеге алып шығып, үйге кіргізді. Ағам мен апам жылап жатқанда менде ешқандай көз жасы шығар емес неге екенін білмедім. Мүмкін ең алғаш көріп, шоковое состояниеде болған шығармын. Көрші Галя жеңше келіп, белімізге орамалды мықтап байлады. Мен түсінбеген болуым керек, білмеймін ойым мамада "маманың алдына шықпадық жүр шығайық, әйтпесе мама ұрсады" деп ағама айтқаным бар. Анамды жолдан Мырзахан деген ағамыз машинамен күтіп алатын болыпты. Енді анама хабарды жеткізу керек болатын.. Анамда үйге келіп, бізді құшақтай жылағаны әлі есімде. (айтылмаған жәйт көп, барлығы көз алдымда лентаға жазылып қалған) Содан әкемнің жетісі өтті, қырқы өтті,жүзі өтті, жылы өтті тірі адам тіршілгін жасайды екен. Ол күндерде артта қалды. Анам бізді қатарынан қалмас үшін тынбай еңбек етті. Әліде еңбек етуде. Әкесіз бір қанатымыз қайырылғандай болды. Осы кезге дейін небір қиыншылық пен қатар ауыртпашылық, жетіспеушілікті көріп өстік. Ерте есейдік десек болады. Солай іштей әкеме деген реніш пайда бола бастады.Оным дұрыс емес, ренішті жіберу керек екенін білемін. Әкемнің бұл дүниеден ерте кетуінің себебін ащы суды көп ішуінен деп ойлаймын. Бала кезімізде сондай жәйттің куәсі болдық десем артық емес шығар. Сол ащы суды мөлшерінен тыс көп ішуінен дертке әкеліп соқтырды. Ол дертпен арпалысып біраз уақыт жүрді. Өз бетінше әр түрлі дәрі-дәрмек қабылдады. Уақыт создырып алды, дер кезінде ауруханаға барып көрінбеді. Барған күннің өзінде кеш болды. Кейде іштей қынжыламын сұрақ қойғым келеді. Неге әке сонша іштіңіз? Неге ойланбадыңыз мына бала-шағамды кім бағады? Бұлардың болашағы не болмақ? Әйелім қиналып қалады ғой, балаларым жетім қалады деп ойламадыңыз ба? Осы сұрақтарға жауап естігім келіп тұрады. Әкешім қыздарыңның бой жеткенін оқуға түскенін, тұрмысқа шықанын, немерелі болу бақытын көрмегенің.. Әкешім ұлыңның ер жеткенін, алғаш табыс тапқанын, әскери қатарда болғанын, келінді болғаныңды көрмегенің..Әкешім ерке қызыңның бой жеткенін, оқу бітіргенін, өз нанын тауып жатқанын көрмегенің..қандай өкінішті.. Әкешім сенің қызың асыра айтып жатса ренжімеші. Іштей толып қалған өксігімді осылай сыртқа шығарғым келді. Әкешім есіңізде болсын біз сенің өміріңнің жалғасымыз. Әй кімнің қызы десе "Жақсылықтың қызымын" деп мақтанып айтарлықтай дәрежеге жеткіземін. Сені, анамды ұятқа қалдырмауға тырысып келемін. Асем Жақсылыққызы.

Теги других блогов: продвижение SEO Google