Түнгі ой Сағат 0:15. Көктем мезгілінің бірінші күні... Әр мезгілді өзіне тән еркешелігімен ұнатып жатамыз. Қыстың ақ мамықтай аппақ қары, көктемнің қыстан кейінгі ұйқыдан оянуы, ағаш жапырақтарының бүршік атуы, жаздың жайма шуақ жылы лебізі, күздің айнала қоршаған сары түске боялуы.. Бәрі, бәрі ерекше бір ғажап дүние. Иә адамдардыңда өзіне тән бір ерекшелігі бізді баурап тұрады. Ол күлкісімен, мейремділігімен, іс-әрекетімен т.б Бізді жаратқан Алла тағала. Осы дүниеге аман-сау дүниеге келуіміздің де әуелі Алла, содан соң ата-анамыздың арқасында. Кейбір адамдар өз болмысына ренжіп "Менің бойым кіші, мұрным пұшық, аяғым қисық" деген секілді сөздерді айтып жатады. Тек бір нәрсені есімізден шығарып жатамыз. Ең бастысы он екі мүшең сау! Осыдан артық не керек?! Міне сол адамдардың ішіне мен жатамын. Дәл солай әр бір ұсақ түйекке бола, асылық жасаушы едім. Өзіме көптеген комплексті жиып алатынмын. Неге? Не үшін? Айтсам күлкім келеді. Бәзі бір адамдар үшін, нақтылай кетсем сондағы жігітке бола... Мүмкін ол комплекстер қалыптыда шығыр. Бірақ.. Менің денім сау ғой не керек маған сонда? Сұлулық... Иә менің комплексім ол түр әлпетім. Мен бір нәрсені ұқтым. Адам дүниеге келерде түр таңдап тумайды. Мен қалай бармын, сол қалпымда қаламын. Түр болсын, мінез болсын, болмысым қандай дәл осы болмысыммен ұнататын бір жанның жолығарына сенімдімін. Менің болашақ, ақ боз атты... Жә аты болмасада менің пешенеме жазылған бір мүсәппір мені сені күтудемін) Енді болмаса өзім жолға шығуға тура келеді))) Бүгін алғыс айту күні екенғой. Мен танитын, мені танитын адамдар сіздерге алғысым шексіз. Және бір адамға бөлек айтқым келеді.. Сағанда рақмет...сол бір Асемнің қиялға берілуіне себебші болғаның үшін.. Асем Жақсылыққызы