Бақыт Сіз үшін бақыт деген не?.. Бақыт деген деніміздің саулығында, отбасымыздың, жақындарымыздың амандығы. Иә дәл осылай жауаб береріміз анық. Шыныменде осыдан артық қандай бақыт, қандай байлық керек адамзат баласына?! Ең бақытты сәтіңіз есіңізге бір түсіріп көріңізші. Егер уақытты кішкене тоқтата немесе ұзарта алғанда ғой шіркін! Әй,сірә бұнымыз қиял секілді. Өмір тек бақытты сәттерден тұрмасын білеміз. Кішкентай кезімде "Ешқашан қайғыратын кезіміз, қиындықтар болмаса. Барлық адам бақытты да, баянды ғұмыр кешсе, өмірдің мәнін түсінбей, бағаламай кетер ма едік" деп іштей ойлаушы едім. Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.. Өмірде қаншама адам болса, соншама тағдыр. Адамның емес, Алланың дегені болады деп жатады. Тағдырға жазғанына көнеміз. Кейде жылап, кейде күліп жатамыз. Бақытты кездерімнің бірі әкемнің ертегі айтып, ұйықтап қалған кезде орныма көтеріп апарған кезі, иіскеп тұрып "ерке қызым" деп айтқан сәті, аяғына салып "Бақ-бақ" деп ұшырып ойнатқаны естен өшпес ең бақытты сәтім десем болады. Алаңсыз қызыққа толы балалық шақ ол орны бір бөлек бақытты кездердің бірі. Бертін келе біреуге деген сезім отының жануы олда бір бақытты сәттің бір бөлігі. Айта берсең жетерлік сияқты шүкір. Алла қаласа алдағы уақытта да бақытты сәттердің болуына үмітім зор. Бақытты кездеріміз көп болсын)

Теги других блогов: өмір тағдыр бақыт