Уақыт Сен өзіңнің адамыңды күтесің және сол адамыңды әр қилы қиялдайсың.Сол адмыңды кезіктіру үшінде өз уақыты болатыны белгілі. Иә мен кезіктірмедім. Кезіктіру үшінде әркет жасай білу керекте шығар мүмкін. Бірақта әркет жасаймын деп өз жүрегімді тағыда жаралап алсам ше? Біреуге еш қалтықсыз өз сырымды, өз ойымды жеткізе берсем не болмақ? Сонда мендегі бір жүректі кезіккен адамға ашып, ондағы толып тұрған қуанышымды да, мұңымды да, құпиямды аша берсем жүрегімде не қалмақ? Иә, сіз айтатыныңыз анық, "Ешкіммен сөйлеспесең, кездеспесең, қалай адам тани аласың?" Оныңыз дұрыс әрине. Бірақ адамның жаратылысын қалай өзгертуге келмек? Адам өзі солай жаратылса оған кінәлі кім? Сенің бар кемшілгіңмен,артықшылығыңмен қабылдай алу керек қой. Әрине оның саған деген титтейде сезімі болса. Ол саған мүмкін барынша ашылып, бар сырын, әңгімесін айтқанда шығар. Сен тек өзіңді ғана емес өзгенің орнына бір сәт қойып көрші... Иә бірақ бұны түсенбейтін шығарсың. Жә, жетер өткен істе қайыр жоғы анық. Жалпы өзгеруге кім/не көмектеседі?! Әлде ол үшін бір жан пайда болу керек пе? Мүмкін солай шығар. Кезінде мен әр сөйлеген сөзіме мән беріп, тіпті оған жазғанда "не жазсам болады? Мен бірінші жазсам ба екен?, әңгімені әрі қарай қалай өрбітуге болады деген сынды тұрлі ой болатын. Ал оның жазғанын асыға күтетінде болып, қоңырау шалса қобалжып дегендей т.с.с қысқасы жүрекке кішкене бір жылу түсетін. Жүрек шіркін дамылдап дүрс-дүрс соғып ерекше сезімде болады. Сол жүрек бара-бара тас болып бара жатқан секілді. Жүрекке кішкене ғана ауыртпалық түскені сол еді. Ештеңені де керек етпей қалды. Қызық шынымен жүрек соғып тұр, барлығында сезеді мұңды да, қуанышты да. Бірақ біреуді күту, біреуді кезіктіру,біреуге деген сезім ояну мүлде жоқ, ми тіптен бұлардың ешқайсын жолатпайды. Автоматически отказ жасайды. Сонша өзімді қинап тағы бір көрейінші "мүмкін осы болар адамың, мүмкіндік беріп көр" деп сайрап тұрады. Бірақ нәтиже жоқ. Бұғанда уақыт керек. Уақыт емші дейді ғой,көп уақыт керек болатын секілді. Әлі-ақ уақыт келгенде бұл жазбамды оқып бір күліп алармын. Тағыда бұл жүректі тынымсыз дамылдатын кез келер.. Айтпақшы айтуды ұмытып барамын өткендегі жақынымда барлығы дұрыс. Жайлап қалпына келіп жатыр. Ол жақыныма айтып едім " уақыт емші" деп айтқаным айдай келді))). Сол жақынымнан алар мотиватциям өте мол. Алла қалап ол жақынымның қуанышына ортақтасатын күн бұйырсын. #уақыт#уақытемші#бәріөзуақтымен ©️Асем Жақсылыққызы