Мен қорқамын
~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~
Тұла бойда бір ерекше сезім билейді. Иә сезім. Сіз бұл "сезім" дегенді қалай түсінесіз? Әрбір пенде де сезім болады. Сезімсіз адам болмайтыны һақ. Ендеше бұл сезім адамды әр қилы күйге түсіреді. Бірде қуанасың, бірде мұңаясың. Қуаныштың сезімі ол күлесің,өзіңді бақытты сезінесің, қуанышыңды әр қалай көрсетесің адамдармен бөлісіп, олармен көңіл күйіңді көтересің.
Ал мұң ше?
Мұңымызды көз жаспен шығарарымыз анық. Адам көз жас төгу арқылы бүкіл іштегіні шығарады. Ал көз жасты көрсетпеуге болады ма? Болады екен..болады. Іштегі реніш, өкпе,ыза,кек,өксікті көрсете алмайтында кез бар екен. Мен ондай адамды көрдім.. Иә көрдім. Менің таңданысымды айтып жеткізе алмаймын. "Мен оның орнында болсам ше?" деген сұрақ келді. Шыдай аламын ба? Жо-жоқ мүмкін емес. Сонда ол қалай шыдап жүр? Оған қарасаң құдды бір ештеңе болмағандай. Тіпті бақытты дерсің. Бірақ..ол барлығын жеңіп келеді, жеңді де. Бір өкініштісі енді бақытына бір ақ қадам қалғанда арқасына пышақ сұқаны жанына өте қатты батты. Кішкене қалғанда барлық арман, мақсат, үміттің күл талқаны шықты. Бірақ ол сонда да сабырлы, білдірмеуге тырысады. Оның осы уақытқа дейін айтқан бақытты сәттері көз алдымнан зу ете қалды. Ол туралы айтқан кездегі сезімі ерекше бақытты, қуанышты, көңілді, өзінің ол туралы айтқандағы түрі өздігінен күліп мәз болып кететін. Бұл сезімді менде ойша шолып онымен бірге ерекше сезімді кешетінмін.
********************************
Бүгін оның айтқанын естіп сенбедім, сенгім келмеді. Үстімнен мұздай су құйғандай болды. Оның "бәрі бітті, енді ешқандай үміт жоқ. Онымен бірге бола алмаймын" деп көзінен жас шығып айтқандағысын есітіп. Мен недерімді білмей абдырап қалдым. Барымша қолдау көрсеттім. Олда "иә шүкір ең бастысы ата-анам жанымда" деп өзін қайрап қояды. Бірақ іші от болып өртеніп жатыр білдіргісі келмейді. Сондай мықты, сондай қайсар өзі.Сөзім жоқ оған.
•••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••
Мен дәл бұндай күйді басымнан өткізбесемде түсінуге тырыстым.Менікі оның қасында түкте емес. 3 ақ айдың ішінде бір жанға дәл осылай бауыр басқанмын. Алғаш оған өз жүрегімнің есігін айқара ашып іштегі бүкіл нәрсені ақтарып беріп едім. Оның әрбір жазғаны, әрбір сөзі жадымда сақтаулы. Бірақ онымен тағдырымыз бір болмағандықтан ба, жолымыз екіге кетті Жүрегімді құлыптап кілтін ешкімге бермегелі 5 ай өтіпті. Тағыда жүрегімнің болмашыға жараланғанын қаламадым.
^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^
Бауыр басып қалу ең қиыны осы. Енді ол жанның бір қалыпқа келуі, оны ұмытуына өте көп уақыт керегі анық.
Сондықтанда қорқатыным ол менің сезімім.
"Шын сүйгендер қосылады" дегенге сенуші едім. Бірақ үмітімді үзбеймін. Оған міндетті түрде жазады. Және бәріне уақыт емші. Ол оны түсінетініне сенімдімін. Мен олардың бірге болғанын қалаймын.
``````````````````````````````````````````````
© Асем Жаксылыққызы және менің жақынымның оқиғасы #бомжбратым)