Есімдерім Менің есімім Асем. Есімімді әкемнің қарындасы қойған екен. Есімімнің мағынасы айтпасамда белгілі ғой деп ойлаймын😊. Сұлу, әдемі, көркем, әсем болсын деп қойған. Адам баласына өз есімі ұнап жатса, ал біреуіне керсінше ұнатпай жатады. Бірақта естен шығармаған жөн Алла тағаланың бұйрығымен азан шақырып қойған есіміне ұялмау керек, өзгертпеу керек деп ойлаймын. Өз басым есіміме көңлім толады. Есіміме сай әсем де әдемі қызбын🙃. Әр адамның кішкентай кезінде еркелетіп немесе қысқартып, не болмаса бір ерекшелігіне байланысты әр қалай атайды. Менің кішкентай кезімде қалым көп әрі иегімде үлкен қал болған екен. Сөйтіп әжем мені "Қалжан" деп атаған. Солай үйдегілер мені Қалжан деп атап кеткен. Және мұрным пұшық болғандықтан көрші әжей, тағы ата-әжелірім (қалай әжем болып келетінін түсіндіру қиындау) "Пүштәнай" деп атайтын. Кішкентай Қалжан өсіп мектепке Асем болып, баратын болады. Мектепте өзімнің шын есімімді айтамын. "Менің атым айтылғанда Әсем, ал жазылғанда Асем болады" деп таныстыратынмын😄. Оқу жылының бірінші тоқсаны біткеннен кейін.Сыныбымызға жаңадан оқушы қыз келеді. Қызығы сол оныңда есімі Асем болатын. Мұғаліміміз "Асем" дегенде, екеуміздің қайсымызды шақырып жатырғанын білмей екеумізде "Мен ба?", "Әлде мен ба?" деп орнымыздан тұрып қала беретін едік. Бір күні Бақытжамал мұғалім ( бізде апай,ағай деген жоқтұғын) бізге Екінші Асемге сені Асем деп, ал мені Асемай деп атаймыз деп айтты. Содан кейін оқушы кезімде Асемай атанып кеттім. Сол кездері өзімше мен Асем аймын деп керім болып жүретінмін (бірінші сыныпта😜). Ал сыныптың кейбір ұлдары айта кетсем Есен менің әдейі ашуыма тиіп "Қайдағы ай, сен Асе-май майсың" деп келеке ететін😁. Қазірде сол сыныптастарыма Асем-аймын,Асе-маймын)). Солай Қазақтсанға келгенде үйдегілер өзінше қой ұятты енді "Қалжан" деп атағанды қояйық "Асем" деп шын атымен атымен атап үйренейік деп. "Асем"депте атап үйренді. Бейнеудегі кластастарым Асем деп атайтын ( басқалай атасада есімде жоқ)). Ал осы Ақтөбеге келгенде нағашы апам жақ (Анамның апасы) мені келген күннен бастап "Асемок"деп атайтын. Солай нағашы жағыма түгел дерлік Асемок болып кеттім. Ақтөбедегі кластастарым өзінше орысқол болғандықтан ба, әлде городская болғандықтан ба ерекше "Асема" деп таныстырды, және солай атады. Әркез әр қалай бірде "Асем", бірде "Асема" деп атайтын. Колледж қабырғасында жүргенде де өз есімімен атады.Енді жұмыс орнымда әрине өз аты жөніммен атайтын болды. Асем,Қалжан,Пүштәнай,Асемай,Асемок,Асема міне менің есімдерім🤗

Теги других блогов: қазақ есім мағына