Егер қиындықтар болмаса біз қуанышты сезермедік?
Алла тағала адам мойнына көтере алатындай сынақ береді емес пе.. Иә бізге болмашы сынақтарға дес бере бермейміз. Сәл қиындыққа сүрнігіп, қалсақ "болды осымен бәрі бітті" дей келеміз. Әрі қарай күресе алмай түзу жолдан жаңылсып жатамыз. Алла тағалаға реніштерімізді айта жөнелетініміз тағы бар. Егер бір қиындаққа тап болсақ оны ақылмен шешсек, сабырмен күте білсек. Алла тағала бізге өз ырзық несібесін беретіні анық. Тек қана осы сынақтарға мойынсұнбай жеңе білу керек. Мен өз басымда не отбасымда неше түрлі жағдайлар болды. Оның барлығын жібке тізгендей айта берсем бұл жазбам құдды бір мелодрама болатын сияқты. Алла тағалам мына мендей пендеңе кешірімділікпен қарағаныңа сансыз шүкіршілік етемін. Неге дерсіздер "сен сонша не бүлдірдің" дейтін шығарсыздар. Иә біреуге болмашы болар, ал біреуге басқалай. Мен әр қиындыққа кез келген сайын Алла тағалама өкпем қара қазандай болып бұлданатыным сонша өзімді ұстай алмай Алла тағалама өте ауыр сөздер айтатынмын. "Алла әкемді алдың, біреудің қас қабағына қаратып қойдың, анамды болса аямайсыңда, енді бір қиындықты жеңсек келесісін дайындап қоясың осының бәрін сен әдейі істейсің, біздің бақытты ғұмыр кешкенімізді қаламайсың, көре алмайсың" деп айтып бір ішімдегі бүкіл өксікті шығарып алатынмын. Алла тағалам сенің мейрімділігің мен жомартығыңда шек жоқ. Мына мені барға қанағат етпеген сәттерім үшін кешірегөр.
Шүкір... Шүкір... Шүкір сансыз шүкіршілік етемін. Анам қасымда, апам,ағамда жанымда. Басымда баспанам бар, ішерге асым,киерге киімім бар, өз жұмысым бар ішкенім алдымда, ішпегенім артымда. Біреу армандайтын, ал біреу қызығатындай өміріме шүкіршілік етемін. Осы бір орайда мына сөз есіме түседі.. "Егер менде ештеңе жоқ, менде анау жоқ, менде мынау жоқ мен жаман өмір сүріп жатырмын дей берсең Алла айтады "Осыны жаман деп тұрсыңба онда қара да тұр бұданда зорғысын көрсетемін" дейтін көрінеді. Ал егер менде бәрі бар, мен баймын, мен бақыттымын, ең жақсы өмір менде десең онда Алла тағала " Өй мынады да байлық деп тұрсың ба, мынаны да өмір деп тұрсың ба" деп оданда екі есесін беретін ұқсайды."" Мен мұнымен не дегім келеді "Жақсы сөз жарым ырыс" демеуші ма еді ата-бабамыз?! Сондықтанда жақсы сөйлейік, шүкір етейік, барға қанағат ете білсек бәрі де болады. Алланың болмашы сынақтарына бойымызды тік ұстап күресе білейік.