#Мейірім
Көктем. Қыстың ызғары енді басылып келеді. Қателеспесем екінші сыныпты аяқтар кезім еді. Өткенде айтқанымдай біз ауылдық жерде тұратынбыз. Сол ауылдың тірлігі бітпейтін.Мал бағу, от жағу, отын дайындау дегендей. Біз нанды тандырға пісіруші едік. Ол үшін ағам және мен алдын ала тандырдың ішіндегі күлін тазалап, отынын жағып қыздырып дайындап қоямыз. Ал анам және апам нанды жауатын (пісіретін). Тандырда піскен нанның иісін айтып жеткізу мүмкін емес енді. 2-3 көше ары жүріп келе жатып сезетінбіз көршілердің бірі нан жауып (пісіріп) жатырғанын. Анам бұрындары мінезі өте ауыр болатын. Ауылдың күйбең тірлігінен болар мүмкін. Әкемнің де көз жұмғаны жанына қатты батқан болар содан ба әйтеуір ашушаң еді. Бір нәрсені бүлдіріп алсақ не дұрыс жасамасақ айқайға басатын. Күндердің күнінде анам базарға үйге азық түлік алуға кетеді. Үйде апам, ағам мен қалғанбыз. Ағам өте қызыққұмар десем ба әлде жындылығы дейін бе сондайы бартұғын. Содан не керек ағам сыртта қораның жанында жүр қолында сіріңкесі (шырпысы) бар. Қораның жанында тандырға жағуға жақында ғана әкелінген бір телешка отын бар еді. Ағам сол отынның қасында отырып сіріңкемен ойнап отыр. Мені шақырып қояды "Қалжан мында кел, қызық көрсетемін" деп қояды. Иә менің кішкентай кезімдегі лақап атым "Қалжан" болған). Менде " қойш көргім келмейді " деп үйге кіріп кетемін. Апамда үйде теледидар қарап жатырған, мен апама айтып беремін "Әлөш шырпымен ойнап отыр қораның қасында " деп. Мен негізінде апамды да ағамды да аттарымен шақырамын кішкентайымнан тілім солай жаттығып кеткен "аға, апа" деп айта алмай ақ қойдым. Апам болса ағамды шақырады терезден бақырып тұрып. Ағам болса "қазір, қазір кіремін" деп қояды. Содан 5-10 минут өтер өтпестен далада бір айғай шу шығады. Сөйтіп апам екеуміз сыртқа шығып қарасақ, қора жақ қызыл түтін от шарпып жатыр. Көршілер шулап, жан -жақтан су әкеліп отты сөндіріп жатыр. Сондағы ең бірінші ойыма келгені "Әлөшті мама өлтіреді" деген ой . Жарты сағаттай көлемі болған шығар өртті сөндірді. Аман болсын көршілеріміз оң жақтағы, сол жақтағы, екі көше әрі тұратын көршілерімізде қолдан келгенше көмек берді. Көз алдымда әлі көршілердің қалай жан ұшыра жүгірген қоршаудан секіріп түсіп қызыл жалынмен арпалысқаны. Эһ қазір сол көршілерімді қатты сағынамын. Қазір тіпті көршіменде дұрыс араласпақ түгілі аттарында білмеймін. Сол жақ көрші Алтынай апа ағамды үйіне алып кетеді. Үйінде жатады. Анамда түске жақын базардан келеді. Біз әлі ештеңе айтқанда жоқпыз, шамасы бәрінен хабардар болуы керек. Анам ағамды үйге алып келіп жатқызып, " еш жерің ауырмай ма?, қорқып қалмадың ба нәрестем ау" деген сөздерін естіген ағам ағыл тегіл жылап жіберді. " Мама мен білген жоқпын жәй ғана ойнап жатыр едім бұлай боларын білмедім" деп айтып жатты, анам болса ештеңе етпейді "ең бастысы сендер аман болсаңдар болар" балаларым деген сөзінен кейін. Анамның қанша ашуланып ұрыссада, ұрсада осындай мейрімін көрген менде көзімнен жас шығып жатты. Иә мен сонда қате ойлаған екенмін. Анамды сонша қатыгез деп ойлағаныма әліде өкінемін. Қазір міне осында тұрып жатқанымызға да 10 жылдың көлемі болыпты. Осында келгелі анам бұрығыдай ашушаң, ұрысу, ұру не екенін көрген емеспін анам қатты өзгерген еді. Кейде сөз арасында анама әзілдеп айтып қоямып " сіз бұрынғыдай емессіз өзгергенсіз" деп. Қазір ойлап қоямын анам неге сол кезде ағама ұрыспады екен деп. Қарап отырсақ бірталай шығынға ұшырадық десек болады. Отынымыздан айырылдық, қорадағы малдардың шөбінен дым қалмады дегендей . Бірақ ол кезде олар маңызды емес екен ең бастысы ағам өзі аман есен қалғаны екен.
Қазірде кейбір болмашы дүниеге бола жақындарымызды ренжітіп не айырылып қалып жатамыз. Ең бастысы жақынымыздың аман болғанынан артық ештеңе жоқ екенін кеш түсініп жатамыз.
#мейрімдіболайық