Екі қазан манты...) Қыс мезгілі болатын. Өткен жылдарға қарағанда осы жылы қыс қаһарлы еді. Ақпан айы. Күн салқын. Айнала аппақ қар. Қардың қалыңдығы 1 метрге жетткен екенн. Мен ол кезде анамның құрсағында жатқан едім. Үйге қонақ келетін болыпты, анам таң атпай үй тірлігімен айналысып жүрген. Үй тірлігі түсінікті шығар.. Үй жинау, нан пісіру, кір жуу т.б. Анам кешкі асқа не әзірлерін білмей ойланып, содан манты істейін деп шешкен. Манты істейін десе мясоробка ( ет тарттырғыш) жоқ болатын. Ол кездерде екінің бірінде ет тарттырғыш болмайтын. Содан не керек, анам көршілерден сұрастырып кетеді. Әзер дегенде екі көше әрі тұратын көршімізден сұрап алып келіп, кешке тамаққа кіріседі. Үйге қонақтар келе бастайды. Атам, әжем келген бірінші. Анамның құрсағында мен болғандықтан қамырды жая алмай қиналған ұқсайды. Содан әжем келінінің қолынан қамырды алып, өзі жайып берген екен. Ал анам болса кешкі дастархан жайып әуре болған. Кеш болып, қонақтарда келіп, көңілді отырыс болған. Қонақтар мәз мейрам болып тарқатқаннан кейін, өздері қалады. Содан анамның толғағы ұстайды.. Больницаға апарайын десе қардың қалыңдығынан көлікте жүре алмайтын болғандықтан, үйде босануға тура келген. Қайта бағымызға (бағыма) орай көрші медбике Клара апа болған. Сол кісінің арқасында анам аман есен мені дүниеге әкеліпті. Іңгәләп менде шыр етіп,жарық дүние есігін аштым. Кіндігімді кескен Клара апа (кіндік анам), туыла сала бауырына басқан туған әжем болған екен. Бұл осыдан 22 жыл бұрын болған оқиға. Бұл оқиғаны әрине анам айтып берген). Анам әзілдеп сені екі қазан манты жеп болғасын босандым деп және бірінші әжең бауырына алғандықтан әжеңнен ауымай қалғансың "бойыңның қысқалығы, бетіңнің томпақтығы" деп айтады. Содан ес білгелі "мені анам екі қазан манты жеп болып туған" деп мақтана айтамын.Осы жарық әлемге келуім бірінші Алла тағаламның, екінші анашымның арқасында. Осындай тәп тәтті қызды 😉 берген Аллаға және Анама алғысым шексіз.