Тілеп алған ауруым... Қызғаншақ болған дұрыс па?! Бұл сезімді айтпасақ та түсінікті шығар. Сүйгеніңді қызғану, өз заттарыңды қызғану, жақсы көрген адамыңды қызғану т.б. Қызғану десе алдына жан салмайтындардың бірі менмін ау). Бірақ, менікі балалық қызғану болған.. Сол бір балалықтан кейін, қазір ондай қатты қызғаншақ емеспін)) Бір күні ағам ауырып қалған болатын. Баласының ауырғанын көрген ананы айтпасамда білесіздер ғой ана көңілді. Анам ағамның асты үстіне түсіп "Балам қай жерің ауырып тұр?, Балам басыңды уқалап берейін бе?, Балам не жегің келіп тұр" деп бәйек болып жүр. Бастапқы да менде ағамның ауырғанына көңлім түсті. Күндер өтті ағам күндіз жақсарып, біраз тәуір болғандай болады да, кешкісін қайта қызулап ауырып қалатын. Оны көрген анам сол баяғысы жанын қоярға жер таппай тыпыршып жүр. Сонда балалығымнан болар анамды ағамнан қызғанғаным. Сол ессіздігімнен ағама ауыр сөздер айтқанмын. "Сен өтірік ауырасың.. Бәрін әдейі жасап жатырсың, ауырған адам жатпайды ма, ал сен күндіз дым болмағандай жүресің, сосын кешкісін ауырған кейп танытасың". Иә білемін дұрыс еместігін, бірақ солай айттым...Сосын түнде жатып алып "Құдайым менде ауырайыншы, мені де ауыртыңызшы" деп тілейтінмін. Сондағы ойым анам меніңде асты үстіме түсінші дегендегім..🤦🏻 Содан не керек ағам жазылып кетті. Арадан күндер өтті, күндердің күні мен ауырып қалдым. Бұрын ауырып көрмеген, ауырсамда есімді білмеген болуым керек.. Сол кездегі ауырғанымды сөзбен жеткізу мүмкін емес.. Жоғары температура, ештеңеге тәбетім жоқ, жегенімді сол мезетте құсып тастау, әлсіздік, көзім қарауылту өте,өте жаман болған. Иә өзім тілеп алған ауруымды берді. Анам шіркін ағама қалай бәйек болса, мағанда солай қамқорлық жасады.. Бірақ бұл кезде оны ойлапта жатқаным жоқ, тезірек жазылсам деген ой болатын... " Құдайым мені кешіріңізші, кешіріңізші өтінемін ауырғым келмейді, жазылып кетсем, ендігі әрі бұлай жасамаймын" деп ағыл тегіл жылағанмын.. Әйтеуір Алла тағаламның мейрімділігінде шек жоқ қой .. Бірінші Алланың, содан соң анамның қамқорлығының арқасында, дәрі дәрмектің арқасында және көршіміз дәрігер Алтынай апаның арқасында сауығып кеткен жәйтім бар. Содан кейін қызғану деген сезімді кішкене болсын ұмытайын дедім. Ағамнан да кешірім сұрап алдым ауыр сөздер айтқаныма қатты өкіндім.. Алла тағалам ешкімге де ауру бермесін. Ауырып жатқан жандар болса Алла берген ауруының шипасында береді деген сөз бар. Ауырып жатқан жандар Алла шипасын берсін.

Теги других блогов: ауру кешірім ағам