Естен кетпес естелік.. Біз шағын бір ауылда тұратынбыз. Ауылдық жер болғандықтан ауылымызда жарық көп сөнуші еді. Сол жарық сөнгенін ағам, апам және мен күтіп отырушы едік. Өйткені жарық сөнгенде Әкем (тиеберсін) бізге ертек айтып беруші еді. Соны асыға күтетінбіз. Көптеген ертек айтатын бірақ, соның ішінде есімде ерекше қалған ертегі "Еңбекпен тапқан Еркіннің ақшасы" Ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Олардың қартайған шағында тапқан жар дегенде жалғыз ғана Еркін деген баласы болыпты. Еркін ол тым ерке, жалқау болған екен. Бір күні әкесі оның бұндай жалқаулығын көріп оған жұмысқа шығып ақша табуын талап етеді. Еркін не істерін білмей анасына барып "Маған әкем жұмыс жасап ақша алып кел деді" дейді. Сонда анасы баласын жұмысқа қимай оған өз қалтасынан 1,2 тиын беріп, " Барып жатып демал, кешкісін жұмыстан келгендей болып мына тиынды әкеңе бер" дейді. Кеш батады Еркін келіп ахлап,ухлеп "әке міне жұмысып жасап тиын тауып келдім" дейді. Сонда әкесі тиынды алып отқа салып жібереді. Еркін ештеңе демей кетіп қалады. Екінші күні тағы солай анасынан тиын алып кешкісін қайтып келеді. Әкесі тағыда әкелген тиынын отқа тастап жібереді. Келесі күні тағы сол жәйт қайталанады. Еркін тағыда анасына келіп ақша сұрағанда анасы "Балам менде саған беретін ақшам қалмады, сен базарға барып жұмыс жасап ақша тап " дейді. Сонда Еркін базарға барып таңертеңнен кешке дейін қара жұмыс жасап ақша тауып келеді. Бұл жолы ол ақша тауып келгеніне қуанышты еді. Сөйтіп әкесіне келіп "Әке, әке міне мен жұмыс жасап ақша тауып келдім" деп әкесіне береді. Ал әкесі болса тағыда ақшаны отқа салады. Сонда Еркін жан ұшыра оттан ақшаны алып "Әке бұныңыз не, бұл менің таңертеңнен кешке дейін қапшық тасып тапқан ақшам ғой" деп оттың ыстығына қарамастан отты үрлеп өшіріп ақшаны алады. Сонда әкесі ұлына қарап " көрдіңбе балам еңбекпен тапқан ақша ыстық болады, егер сен бұл ақшаны еңбектеніп таппағанда сен бұлай шыр-пыр болмаушы едің" дейді. Сол күннен бастап Еркін жұмыс жасап өз еңбегімен ақша тауып нанын жейтін болған екен. Көрдіңдерме сондықтан да "Еңбектің наны тәтті" деп бекер айтпаған деп аяқтаған болатын. Иә қазір еңбек етпесең саған ешкімде ақша бермейді. Жұмыстың жақсы, жаманы не ауыр жеңілі болмайды ең бастысы адалдықпен, еңбекпен жұмыс жасасаң бәрі де жақсы болады.

Теги других блогов: ақша жұмыс Еркін